Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Экран Диктора
Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ

Аманжолов Аділхан Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдасы екенін мақтан тұтады. Аділхан 26.02.1991 жылы туған. 2008 жылы мектепті бітіріп, Астана қаласының «экономика – заң колледжіне» оқуға түсті. Әскерде қызмет еткен, Алматы қаласы, 16194 ә / б. Қызмет аяқталғаннан кейін Астана қаласы ТЖД «СПиАСР» ММ – де № 9 өрт сөндіру бөлімінде аға өрт сөндіруші лауазымына жұмыс істей бастады. Үйленген, ұлы бар. Жұмыс барысында грамоталармен және дипломдармен марапатталған.

Аманжолов Аділхан бірнеше рет әртүрлі дәрежедегі өрттерді сөндіруге, авариялық – құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізуге басшылық етті, сонымен бірге жарғы талаптарын жақсы білетіндігін, жеке жанқиярлығын, адамдарды құтқару және өрттерді жою бойынша қойылған міндеттерді орындауға жеке құрамды ұйымдастыра білетіндігін көрсетті.

«Біздің әрқайсымыз, егемендіктің құрдасы, біздің иығымызға түсетін ерекше мақтаныш пен жауапкершілікті сезінетініне сенімдімін. Біздің жастарымыздың жарқын болашағы бар, өйткені ол демократиялық және еркін елде тұрады», – дейді Аділхан Жұмабекұлы.

Поделиться
Skip to content