«Мемлекеттік қайраткер-Жұмабек Тәшенов» -осындай атаумен іс-шара мемлекет қайраткерінің туғанына 110 жыл толуына орай өткізілді.
Іс – шара барысында орта мектеп жасындағы балаларға ірі саяси қайраткер, өндірісті шебер ұйымдастырушы Жұмабек Ахметұлы Тәшенов туралы айтылды. Принциптілік, жауапкершілік , ойлаудың кеңдігі және адамдарға деген ізгі ниет сияқты қасиеттерімен ерекшеленетін адам. Қазақстанның аумақтық бөлінуіне қарсы шыққан және кейіннен оны қорғаған ұлы қайраткер.
Ж. Тәшеновтың өмірі туралы ролик көрсетілді.
Жұмабек Тәшеновтің бүкіл өмірі мен қызметі – Отанға жанқиярлықпен қызмет етудің жарқын үлгісі!