Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік-біз үшін өте киелі ұғым.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдары дүниеге келгендер бүгінде отыздан асып, еліміздің гүлденіп дамуы жолында тер төгіп, еңбек етіп жүрген салихалы азаматтар баршылық.
Солардың бірі, Жібек жолы ауылының тұрғыны Айқынбаева Мадина Мұратқызы. Ол 1991 жылдың 7 ақпанында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр станциясында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын, 2012 жылы Аршалы ауданындағы Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бастады. 2019 жылы Жібек жолы ауылындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне ауысып, содан бері осы білім ұйымында еңбек етіп келеді. 3 баланың- анасы. Білікті де, білімді ұстаз өз ортасында өте сыйлы, мақтаулы. Мадина Мұратқызы, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, қияға қызықтыра жетелеу, тәрбиелеу жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, алғысқа бөленіп жүрген жан. Ұлағатты ұстаз бірнеше дипломдар мен алғыс хаттардың, арнайы сертификаттардың иегері. Тәуелсіздік құрдасы, білікті ұстаз, асыл жар, аяулы ана – Мадина Мұратқызына саналы ұрпақ, сапалы білім беру жолындағы еңбегіңіз еселене берсін демекпіз! Тәуелсіз еліміздің – болашағы жарқын, келешегі кемел болғай!
#16декабря
#ДеньНезависимостиРеспубликиКазахстан
#РовесникиНезависимости
#АршалынскаяЦБС
#Аршалы