КГУ «Централизованная библиотечная система» отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Аршалынского района
Экран Диктора
КГУ «Централизованная библиотечная система» отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Аршалынского района
Дүниежүзілік ойындар ұйымдастырылды

Аршалы аудандық кітапханасы сіздерді Астана қаласында   2024 жылы 8-14 қыркүйек   аралығында өтетін 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырады.Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыстар Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. ДКО адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған.  Оған жүзден астам мемлекеттен 4000 жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда.2014, 2016 және 2018 жылдары алғашқы ойындар Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өткен еді.

2022 жылы Түркияның Изник шаһарында төртінші Дүниежүзілік ойындар ұйымдастырылды.Дүниежүзілік көшпенділер ойындары түркі, тарихи көшпенді халықтардың мәдени және рухани жақындасуына септігін тигізіп, аралас-құраластығын арттырады.

Бесінші көшпенділер ойынында спорттың 20 түрінен жарыс және 10 көрнекі спорт сайысын өткізу жоспарланған.

Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі интеллектуалдық ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша, дәстүрлі садақ ату, саятшылық өнері, халық ойындары, сондай-ақ этникалық спорт түрлерінен көрсетілім қойылымдары бар.

Аршалынская районная библиотека приглашает Вас на V Всемирные игры кочевников, которые пройдут в Астане с 8 по 14 сентября 2024 года. Всемирные игры кочевников — международные спортивные соревнования, проводимые по этническим видам спорта. В основу соревнований легли национальные игры исторических кочевых народов Средней Азии. Всемирные игры кочевников  стремится развивать этноспорт и этнокультурное движение как достояние человеческой цивилизации.   Ожидается, что в нем примут участие около 4000 спортсменов, из разных  стран. В 2014, 2016 и 2018 годах первые игры прошли в кыргызском городе Шолпан-Ата.

Поделиться
Перейти к содержимому