Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Экран Диктора
Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
«Аршалы: цифрлық болашаққа қадам» форумы өтті

Аршалы кентінің Жастар орталығында «Аршалы: цифрлық болашаққа қадам» атты форум өтті. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру және жаңа технологияларды меңгеруге ықпал ету.

Форум музыкалық нөмірмен және модератордың кіріспе сөзімен ашылды. Модератор цифрландырудың маңыздылығын және қоғамның жаңа цифрлық талаптарға бейімделу қажеттілігін атап өтті.

Теориялық бөлімде:

Жаслан Картаевич Бельгебаев, ПМСП бойынша бас дәрігердің орынбасары, денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен DamuMed қосымшасының мүмкіндіктері туралы айтты;

Акимжан Сейтжапар, полиция капитаны, кибергигиена мен жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын түсіндірді;

Светлана Ионасовна Пурлис, кітапхана жүйесінің директоры, кітапхана саласында жасанды интеллектті қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Практикалық бөлімде қатысушылар интерактивті алаңдарда жұмыс істеді:

CapCut бағдарламасында бейнеролик жасау, DamuMed қосымшасында тіркелу және пайдалану, eGov.kz порталы арқылы қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын үйренді.

Форум қорытындысында қатысушылар пікір алмасып, жаңа ұсыныстар айтты.

Кітапхана директоры кітапхана жанынан Цифрлық клуб құру бастамасын ұсынды, онда тұрғындар кеңес алып, цифрлық сауаттылық негіздерін үйрене алады.

Форум қатысушыларға жаңа білім мен шабыт сыйлап, ауданның цифрлық дамуына үлес қосты.

 

Поделиться
Skip to content